Тәуелсіздік – Тәңірдің тәтті сыйы

http://turizm-hit.ru/

2015-2016 оқу жылының 14-ші желтоқсанында шет тілдер курсының оқытушылары А.М. Канымкулова мен Д.Д. Даулетова және «Жалпы медицина» факультетінің 103А, Б мен 124А топтарының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай, «Тәуелсіздік – Тәңірдің тәтті сыйы» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатына «Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары Т.Ж. Сундетов, кураторлар кеңесінің төрайымы Қ.Ж. Әбиева, шет тілдер курсының жетекшісі К.К. Ерменова және шет тілдер курсының оқытушылары мен студенттер қатысты.


Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды, әрі қарай студенттер 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне байланысты көріністің үзінділерін көрсетті, Қазақ халқының ұлттық аспабы домбырамен күй тартып, ән салды және екі топтың студенттері бірігіп, қазақтың ұлттық әндеріне би биледі.


Сонымен қатар, кеш барысында 1-желтоқсан Еліміздің тұңғыш президенті күніне байланысты Н.Ә. Назарбаев туралы презентациясы көпшіліккке ұсынылып, жазушылардың президент туралы жазған кітаптарын көрсетілді. Студенттер Елбасымыздың жолдауы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған Қазақстан» туралы өздері оқыған мәліметтерін де ортаға салды. Студенттер белсенділік танытып, тәрбие сағаты өте қызықты өтті.

А.М. Канымкулова

Д.Д. Даулетова

Шет тілдер курсының оқытушылары