МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР!

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та, артықтық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу –...


Толығырақ...

Университет түлектеріне диплом тапсыру салтанаты

Қайда менің студенттік күндерім, Жалындаған жастық шағым, күн керім. Дауылдатып, думандатып жүретін, Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім. Қайда сол бір асыл жанды достарым? Аңқылдаған жарқылдаған от жалын. Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?


Толығырақ...

Қаламызда студенттік медицина қалашығы бой көтерді

Медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында қаламызда студенттік медицина қалашығы ашылды.


Толығырақ...
123

Қаламызда студенттік медицина қалашығы бой көтерді

Медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында қаламызда студенттік медицина қалашығы ашылды.

Салтанатты ашылу облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР ДСӘДМ вице-министрі С.К. Жакупова, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Е.Ж. Бекмұхамбетов және Ақтөбе облысының медицина қоғамының қатысуымен өтті.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенттік медицина қалашығында заманауи технологияның соңғы үлгілерімен жабдықталған зәулім 10 қабатты 1000 орындық жатақхана, 700 орындық конференция залы, үлкен кітапхана бар. Аталмыш қалашықтың ауласына қазақтың алғашқы дәрігер қыздарының бірі, бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде жаралы кеңес әскерлеріне медициналық көмек көрсеткен, Алаш партиясының мүшесі ретінде ұлттық мүддеге қызмет еткен тұңғыш қазақ дәрігері Аққағаз Досжанованың ескерткіші көрік беріп тұр. Болашақ дәрігерлерге шабыт үстейтін ақ халатты абзал жанның ескерткішінің пердесін түсіру құрметі облыс әкімінен бастап, халық қалаулылары мен тұлғаның туыстарына табысталды. Жиналған облыстық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, студенттер және қонақтар ескерткішке гүл қойып, тағзым етті. Сол жатақхананың алдындағы көшеге де Аққағаз Досжанованың есімі берілгендігін қуанышпен хабарлаймыз!


Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаев, ҚР ДСӘДМ вице-министрі С.К. Жакупова құттықтап сөз сөйледі. Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, аққағаз анамыздың асыл ұлы Шахбаз Әділгерейұлы бүгінгі таңда 90 жасқа келді. Өкінішке орай денсаулығына байланысты әулеттің тарихында алтын әріппен жазылатын оқиғаға келе алмады. Алайда, келіні Ершина Айнагүл, немерелері Айжан, Шыңғыс, жиені Исаева Алтын келді.


Аққағаз Досжанованың туыстары – келіндері мен немерелері тұңғыш дәрігердің еңбек жолын әңгімелеп, әсерлерімен бөлісті, облыс басшылығына, университет әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

Аққағаз Досжанова алғашқы дәрігерлердің бірі ретінде ел ішіндегі ауру-сырқаулардан қолдан келген көмегін аямаған, қоғамдық істерге тікелей араласып, халқына адал қызмет еткен. Сондықтан әріптестерінің, жора-жолдастарының арасында үлкен беделге ие болған.

Айта кету керек, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жатақханасы 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынды. Осы мақсатта мемлекет бюджетінен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Болашақта жатақхана қала ажарын келтіріп, студенттердің жайлы тұрағына айналары сөзсіз.

Бүгінгі таңда университет қабырғасында 5000-дай студент білім алуда. Оның үштен бірі ауылдардан және өзге облыстардан келгендер. Жатақхананың бой көтеруі – олардың барлығының да тұрақ мәселесінің шешімін табатындығының көрінісі.


Бүгін Марат Оспанов атындағы БҚММУ ректоры Е.Ж. Бекмұхамбетов университетте А.Досжанованың атында шәкіртақы тағайындалатындығын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда тарих қойнауында кеткен абзал жандарды құрметтеп, олардың естеліктері үшін аянбай қызмет еткен асыл тұлғалардың еңбегі өз жемісін көруде.