МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР!

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та, артықтық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу –...


Толығырақ...

Университет түлектеріне диплом тапсыру салтанаты

Қайда менің студенттік күндерім, Жалындаған жастық шағым, күн керім. Дауылдатып, думандатып жүретін, Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім. Қайда сол бір асыл жанды достарым? Аңқылдаған жарқылдаған от жалын. Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?


Толығырақ...

Қаламызда студенттік медицина қалашығы бой көтерді

Медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында қаламызда студенттік медицина қалашығы ашылды.


Толығырақ...
123

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР!

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та, артықтық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы.

 Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті әкімшілігі атынан ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерге ерен еңбектеріңіз бен шипалы алақандарыңыз үшін зор алғыс білдіремін. Отбастарыңызға береке, дендеріңізге саулық тілеймін!

Тілек білдіруші: Марат Оспанов атындағы

Батыс Қазақстан мемлекеттік

медицина университетінің

ректоры Е.Ж. Бекмұхамбетов