МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР!

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та, артықтық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу –...


Толығырақ...

Университет түлектеріне диплом тапсыру салтанаты

Қайда менің студенттік күндерім, Жалындаған жастық шағым, күн керім. Дауылдатып, думандатып жүретін, Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім. Қайда сол бір асыл жанды достарым? Аңқылдаған жарқылдаған от жалын. Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?


Толығырақ...

Қаламызда студенттік медицина қалашығы бой көтерді

Медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында қаламызда студенттік медицина қалашығы ашылды.


Толығырақ...
123

Университет түлектеріне диплом тапсыру салтанаты

Қайда менің студенттік күндерім,

Жалындаған жастық шағым, күн керім.

Дауылдатып, думандатып жүретін,

Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.

Қайда сол бір асыл жанды достарым?

Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.

Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?

 Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген жастарымызбен тағы бір кездесу өткізудің сәті түсіп, 13 шілде күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде «Жалпы медицина» факультетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өткізілді. Көптен күткен армандары орындалып, жатақханалар кешенінде салынған жаңа конференц-холлда 557 студентке жоғары білім алғандығы жөнінде диплом берілді, олардың арасында 41-үздік диплом иегерлері бар. Олар білімді мамандар қатарын толықтырды, көбісі болашақ кәсібін меңгеру барысында оқу үздігі атанып, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласты.


Диплом табыс ету рәсімі барысында университет басшылары, ректор Е.Ж. Бекмұхамбетов, профессор О.М. Құрманғалиев, декан Т.С. Абилов және декан орынбасары К.Б. Даржанова құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге дәрігердің қиын жұмысында ақ жол тіледі, дипломдар мен алғыс хаттар табыс етті.


Сонымен қатар осы шілде айында қоғамдық денсаулық сақтау, медицина-профилактикалық іс, мейірбике ісі және стоматология факультетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өткізілген болатын. Факультет деканы Г.Д. Сұлтанованың жүрекжарды лебізі көпшілікті толқытты.

Болашақ дәрігерлер мен ата-аналар университет әкімшілігі мен ұстаздар қауымына алғыстарын айтып, ақ тілектерін білдірді. Салтанатты шара барысында талантты жастар дайындаған концерттік бағдарлама тамашаланды.


Ия, уақыт деген зымырап өтіп жатыр! Кеше ғана жайқалған жасыл баудай үлкен білім ордасының студенттері болған бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын азаматтар атанды. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан жастар, қадамдарыңа нұр жаусын!

А.Қаниева

 Мәдени-көпшілік жұмыстар бөлімінің маманы