«Адам және Дәрі-дәрмек – Қазақстан» ІІ халықаралық аймақтық конгресі

http://turizm-hit.ru/

20 мамырда «Адам және Дәрі-дәрмек – Қазақстан» ІІ халықаралық аймақтық конгресі өтті. Клиникалық тәжірибедегі жоғары медициналық терапевтік технологиялар, фармакологиялық өнімдер насихатталды. Конгресс Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, ҚР Клиникалық фармакологтар мен фармацевттерінің кәсіби қауымдастығы және ҚР Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының бірігіп ұйымдастыруымен өтті. 

Университет холлында әртүрлі фармакологиялық компаниялардың дәрі-дәрмектерді жарнамалаған көрмесі болды. Айталық, Бас демеушісі Sanofi компаниясы, негізгі демеушісі Servier, ғылым жағынан  Astellas, Takeda, Stada, Boehringer Ingelheiv, Sandoz, Worwag Pharma, KRKA, ЮРІЯ-ФАРМ, IPSEN, Фармак, Medservice, MFS фармакологиялық компаниялары демеушілік көрсетті. Сонымен қатар, Berlin-Chemie Menarini, Nobel, Omron, Bayer HealtCare Consumer Care, Grindex, Recordati, Oficvedical компаниялары қатысты. Дәрі-дәрмектердің химиялық ерекшеліктерімен таныстырып, адам ағзасына тиімді тұстарын түсіндіріп, парақшалар таратты. Аталмыш конгрестің интернет серіктестері – www.med-obuch.kz және www.chil.kz

Конгрестің салтанатты ашылуынан кейін пленарлық отырыс болды. Кардиология, гастроэнтерология, фармакологиялық бақылау, неврологиядағы патогенетикалық терапия, клиникалық пульмонология салалары бойынша жан-жаққа баяндамалар тыңдауға тарқасты. 

«Фармак» КАҚ өкілі Андриянова Альбина:

- Мамандығым – жоғары санатты дерматолог дәрігер, қазір «Фармак» компаниясының аймақтық менеджерімін. Біздің компаниямыз бірегей сапалы дәрі-дәрмектер шығарады. Бұл ғылыми конгресс алыс аудандардағы дәрігерлердің Қазақстан медицинасындағы алға жылжулар, яғни, жаңалықтар туралы хабардар болып отыруы үшін ұйымдастырылып отыр. Бұл – фармацевтикалық нарықтағы жаңа препараттардың жарнамалануына, емделу жолдарының тиімді жақтарын біліп отыруға үлкен мүмкіндік. Біздер сол дәрігерлерге пациенттерге нұсқау беруіне көмектесеміз. Халық денсаулығының жақсаруына көмегі мол.

Қай заттың да көшірмелері пайда болып, тұтынушыларды жаңылдырып жатқан заманда осындай шаралардың пайдасы мол. Тілге тиек еткен конгрестің екінші рет ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек.

Салтанат Тоғызбаева