Ана мен бала мәселесі төңірінде

http://turizm-hit.ru/

28-29 мамырда аралығында Марат Оспановатындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Балалар денсаулығын және репродуктивті денсаулықты қорғаудың инновациялық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Шара ұйымдастырушысы – Марат Оспанов атындағы БҚММУ.

Конференцияның мақсаты – ана мен баланы қорғау саласындағы мәселелердің шешімін табу. Тиімді медициналық және әлеуметтік технологиялардың, заманауи ғылыми зерттеулердің дамуы, сондай-ақ, шетелдік әріптестер мен тәжірибе алмасу үшін ғылыми-тәжірибелік базаны құру – осының барлығы Марат Оспанов атындағы БҚММУ табысты жұмысының кепілі болып табылады. Мұндағы басты маңыздылық – жетекші шығармашылық ұжымдар мен институттардың іргелі және қолданбалы ғылым өкілдерімен ашық пікір алмасуы.

Шара шеңберінде заманауи репродуктологияның өзекті мәселелері жөнінде авторлардың жеке зерттеулерінің нәтижелері бойынша баяндамалар тыңдалады және аталған жұмыстардың перспективті бағыттары және балалар денсаулығын қорғау саласында заманауи әлемдік жетістіктердің талдауы жүргізілуімен шебер-кластар өткізіледі.

Аталмыш конференцияны өткізу университетімізде маңызды оқиға болып табылады. Себебі, бұл шара ана мен баланы қорғау саласындағы мәселені шешуде үлесін тигізетіні және одан әрі жемісті жұмысқа себепші болатыны сөзсіз.