САЛА КӨШБАСШЫСЫ – 2015

Университетімізге Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің Төрайымы Г.H. Хабибрахмановадан хат келді. Қазақстан Республикасының ұлттық марапаттарын тапсыру салтанатты рәсіміне шақырыпты. Сүйінші хабарды жеткізіп, бәріңізбен бөліскенді жөн көрдік. Хаттың толық мазмұны төмендегідей:

 ҚҰРМЕТТІ ЕРБОЛ ЖАСҰЛАНҰЛЫ!

Міне, Сіздің мекемеңіздің «Сала көшбасшысы 2014» атағын алғалы 1 жыл өтіпті. Компанияңыздың «Сала көшбасшысы 2015» - Ұлттық бизнес-рейтингтер Одағының жоғарғы марапатын алуымен Сізді тағы да құттықтау мен үшін үлкен мәртебе!

Қазақстан Республикасын салық төлеушілерін жалпымемлекеттік саралау нәтижесі бойынша Сіздің компанияңыз келесі позицияларда орналасқан:

- Рейтинг алтыны (16-орын) Қазақстан Республикасында «Әлеуметтік салық» критерийі бойынша

- Рейтинг алтыны (1-орын) Ақтөбе облысында «Дербес табыс салығы» критерийі бойынша.

Сізді Қазақстан Республикасының ұлттық марапаттарын тапсыру салтанатты рәсіміне шақырамын. ҰБР Одағы рейтингінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы 2016 жылы 11 наурызда сәні, көлемі және техникалық кемелі бойынша әлемдік театрлардың ондығына кіретін «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтеді.Бұл кеште Сіз ең талғампаз деген қонақты да қайран қалдыратын ғажайып тартымды шоу-бағдарламаны тамашалайтын боласыз. Бүгіннен-ақ залдың ең қолайлы жерінен орын алуға асығыңыз!

«Сала көшбасшысы 2015» мәртебесінде Сіз: 

Сіздердің өнімдерініз бен қызметтеріңізді нарықта үздік ретінде орналастыруға;

Сіздің жетекшілік биографияңызда жарқын жетістікке;

Сіздің жақындарыңыз бен туыстарыңыздың тәнті болуы мен мақтанышына қол жеткізесіз.

2015 жылдағы жетістіктеріңіз үшін алған марапат Қазақстан Республикасының мыңдаған азаматтарының амандығына Сіздің шынайы үлес қосқандығыңыз туралы әркез еске салып отырады. Өңірге таққан бір орден Сіздің жеткен жетістіктеріңіз жөнінде кез келген әсіре қызыл сөздерден гөрі, анағұрлым көп нәрсені ұқтырады емес пе?! Ал Сіздің серіктестеріңіздің, тұтынушыларыңыздың, инвесторларыңыздың осы марапатыңыздан алған әсерлері маркетинг пен жарнамаға бөлінген миллион салымдарға бергісіз нақты қайтарым береді. Және бұл лепірме сөздер емес – бұл ҰБР Одағының ұлттық рейтинг иегерлерінің фактілері және нақты тарихы.

Қатысуға өтінімді рәсімдеу үшін біздің Ұйымдастыру комитетіне қоңырау шалсаңыз жеткілікті. Қолайлылығыңыз үшін Сізге «Астана Опера» театрының ложаларынан алдын ала жақсы орын алып қоюды ұсынамын.

Астана қ. Ұлттық бизнес-рейтингінің Ұйымдастыру комитеті: +7 (7172) 47 28 64, +7 (7172) 47 28 65, +7 (707) 866 10 00.

Жоспарларыңыз орындалсын!

Іске сәт!

Ізгі ниетпен!

Хабибрахманова Гульнара Равильевна

Ұлттық бизнес-рейтинг

ұйымдастыру комитетінің Төрайымы