Кәсіби тақырыпқа қалжыңдар

http://turizm-hit.ru/

Дәрігер: - Сіз ең қатты неден қорқасыз? Науқас: - Қараңғыдан және тіс дәрігерлерінен. Дәрігер: - Тіс дәрігерлерін түсінемін, ал қараңғыдан неге? Науқас: - Сіз елестетіп көріңізші, қараңғыда қанша тіс дәрігерлері жүреді!!

Медициналық байқауда:

- Маған сіздің жөтеліңіз ұнамай тұр.

- Кешіріңіз, мен басқаша жөтеле алмаймын.

 ***

Дәрігердің қабылдау бөлмесі. Бөлмеде дәрігер мен жас ана сөйлесіп отыр.

- Сіздер қашан үйлендіңіздер?

- Мамыр айында.

- Ал бала қашан туылды?

- Тамыз айында.

- Иә-иә, қызық!

- Сіз ДӘРІГЕРСІЗ бе МАТЕМАТИКСІЗ бе?

 ***

- Неге сонша таблетканы бірден ішіп жатсын?

- Бүгін бұл таблеткалардың қолдану мерзімі бітеді.

 ***

Науқас бала дәрігерге қап-қара тілін көрсетуде.

- Не боп қалды?

- Байқамай жаңа төселген асфальтқа балмұздақ төгіп алдым...

 ***

Ата-анасы қонаққа барып, үйге кештеу оралады. Қараса, бөлмелердің іші апыр-топыр, заттардың бәрі шашылып жатыр:

– Балам-ау, үйді сонша шашпай-ақ ойнауға болмас па еді?

– Мама, мен ойнаған жоқпын.

– Енді не істедің?

– Кәмпит іздегем ғой...

 ***

Емханада:

– Дәрігер, сіз өзіңіз де осы емханада емделесіз бе?

– Жоқ, бұл жер өте қымбат...

Атасы немересіне:

– Балам, мектептерің жақсы ма?

– Иә, ата, тамақтары дәмді...

***

Әріптестер әңгімесінен:

– Көңілсізсің ғой.

– Ақша жоқ.

– Айлық алғанда бір бөлігін қиын жерге тығып қой­майсың ба?!

– Олай істеп көргенмін, бірақ ерте тауып алып қоя бе­ре­­мін.

***

Сот залында:

– Айыпталушы, сіз өзіңіздің досыңызға оқ атқа­ны­ңызды мойындайсыз ба?

– Мен оны алғашында аю екен деп қалдым. Досым екенін өлгеннен кейін білдім.

***

Әжесі бес жасар немересіне айтады:

– Құлыным, қарашы, «бип-бип» келе жатыр.

– Әже, қойшы, қайдағыны айтпай. Бұл BMW 325 қой!

 ***

Прихожу в больницу. Прием только через 20 минут начинается, а в коридоре уже громадная очередь. Ну, как всегда, злобные бабули, наглые студенты и т.д. Попыталась пройти к кабинету, на меня все набросились! Типа: «Самая умная??? Очередь, не видишь, что ли? Стой как все, стерва!»

Чтоб вы понимали, я – врач.)))