АҚ ХАЛАТТЫМ...

http://turizm-hit.ru/

Жабырқаған жалғыздықтың сыңары ем,

Мендік күйді ұға алмайтын мына əлем...

Тəніме ем іздеп жүріп, жаныма ем тапқандаймын

Сізді көріп, сірə мен...

 

Жұмбақ түстей жүрегіме еніп ап,

Тербеткендей болып еді мені бақ.

Дерт өмірдің дерегіне жүгіндім,

Дəрігерім жаны таза, сенімі ақ...

 

Ақ халаттым!

Ақ жүрегім һəм мұңым!

Сізді маған кез қылды ма тағдырым?

Жан адамға сездірмедім жаураған,

Жаным менен жанарымның жаңбырын...

 

Жүрегіме мұң сыйлаған жүрегім,

Мен жапанда жаурап тұрған гүл едім...

Сəулеңіздің шуағынан арай ап,

Кірпіктерге таңғы шық боп түнедім.

 

Сіздің алақаныңыздай

Самал сипап кекілді...

Мөлдір тамшы аймалады бетімді.

Ақтөбенің аспаны да жылап тұр...

Астаң-кестең сезімдерім секілді...

 

Ақ халатты абзал жаным теңдесі жоқ теңдесі...

Енді менің өміріме өңім болып кел де осы.

Сізді бір сəт көрмей қалса жүдеген

Жүрегімді емдеші...

ЖҰЛДЫЗ ҚАЗИХАН