Әке

http://turizm-hit.ru/

Өзіңсіз өтті қанша күн,

Қаншама мұңлы айларым.

Жанарым талмай қашанда,

Бәлкім келер деп ойладым.

 

Жүректі өртеп бір сезім,

Тұрады әркез әке деп.

Орныңыз әсте білінет,

Қорғаушым болшы әке кеп.

 

Серпіліп кейде аламын,

Көнбеске барма амалым?

Алланың берген сынағы,

Деп әркез бұған қарадым.

 

Өтіпті сырғып бір жылым,

Өзіңсіз атқан әр күнім.

Көкейде тұр ғой көп сауал,

Шешімін таппай сол сырдың.

 

Жалындап жүрген жан едің,

Жүрегің кеңет қашанда.

Ақкөңіл, аңғал әкешім,

Кеттің ау келмес сапарға.

 

Біз сізді жүрміз сағынып,

Келмисіз білем әрине.

Білініп әркез тұрады,

Орныңыз мына фәниде.

 

Баймұханбетова Гүлзабида Әбутәліпқызы