Мерекелік спартакиада

Мамырдың 25-27 күндері аралығында №2 спорттық залда Медицина қызметкерлері күніне арналған Марат Оспанов атындағы БҚММУ қызметкерлері мен оқытушылары арасындағы ІІІ спартакиадасы бойынша шағын-футбол ойынынан жарыс өтті.

Жарысқа 5 команда қатысты. «Әкімшілік», «Медицина орталығы», «Әскери және отбасы медицина клиникасы» құрама командасы, «Жалпы медицина» командасы, «Стоматология, қоғамдық, денсаулық сақтау, медицина-профилактикалық, мейірбике ісі, фармация, орта білімнен кейінгі факультеттері» құрама командасы.
Жарысқа қатысушылар, студенттер, оқытушылар, көрермендер және жанкүйерлер көп жиналды. Жарыс айналым жүйесі бойынша өтті.
Жарыстың алғашқы күнінде 4 ойын ойналды. Ойынды «Әкімшілік» командасы мен «Стоматология, қоғамдық, денсаулық сақтау, медицина-профилактикалық, мейірбике ісі, фармация, орта білімнен кейінгі факультеттері» құрама командасы ашып, 4:1 есебімен «Әкімшілік» командасы жеңіске жетті. Екінші ойында «Медициналық орталық» командасы мен «Әскери және отбасылық медицина клиникасы» командасын 11:1 есебімен ұтты. Үшінші ойын «Жалпы медицина» және «Медициналық орталық» командалары арасында өтіп, 1:4 есебімен аяқталды.
Жарыстың бірінші күніндегі соңғы ойында «Стоматология, қоғамдық, денсаулық сақтау, медицина-профилактикалық, мейірбике ісі, фармация, орта білімнен кейінгі факультеттері» құрама командасы 11:3 есебімен «Әскери және отбасылық медицина клиникасы» командасын жеңді.
Жарыстың екінші күнінде, мамырдың 26-ында үш ойын ойналды. Бірінші ойын «Әскери және отбасылық медицина клиникасы» және «Әкімшілік» командасы арасында өтіп, 0:13 есебімен аяқталды.
«Жалпы медицина» мен «Стоматология, қоғамдық, денсаулық сақтау, медицина-профилактикалық, мейірбике ісі, фармация, орта білімнен кейінгі факультеттері командалар арасындағы кездесуде есеп 6:1 болды.

Екінші күннің соңғы ойынында «Стоматология, қоғамдық, денсаулық сақтау, медицина-профилактикалық, мейірбике ісі, фармация, орта білімнен кейінгі факультеттері» командасымен «Медицина орталығы» арасында өтіп, 6:2 есебімен аяқталды.

 

Жарыстың соңғы күнінің алғашқы ойынында «Марат Оспанов атындағы БҚММУ медициналық орталығы» мен «Әкімшілік» командасы 4:4 есебімен тең ойнады. «Жалпы медицина» және «Әкімшілік» командалары II орын үшін тартысты ойын көрсетті. Ойынның алғашқы минутында «Әкімшілік» командасы гол соғып, алға шыққанымен, есепті ұстай алмады. «Жалпы медицина» командасы бірінші таймның ортасында есепті теңестірді. Бірінші тайм тең есеппен аяқталды. Екінші тайм басталысымен «Жалпы медицина» командасы ойынның бесінші минутында гол соғып, алға шығып және тағы да 2 гол соғып, есепті 4:1 жеткізіп, жеңіске жетті.

 Шағын футбол ойын қорытындысы бойынша 10 ұпаймен І орынды «Марат Оспанов атындағы БҚММУ медициналық орталығы» командасы, ІІ орынды 9 ұпаймен «Жалпы медицина» командасы, ІІІ орынды 7 ұпаймен «Әкімшілік» командасы иеленді. 

«Марат Оспанов атындағы БҚММУ медициналық орталығы» командасы осымен 3 рет қатарынан 1 орынды иеленуде.