СПОРТ – ӨМІР КӨРКІ

http://turizm-hit.ru/

«Спорт – әр адамның сүйікті

ісіне айналғанда ғана тәрбие

 құралы бола алады...»

 Сухомлинский

Біздің әрқайсысымыздың спортқа деген өзіндік көзқарасымыз бар.

 Спортты біз қалай түсінеміз? Спорт ол жұдырық алып, көшеде төбелесу емес. Спорт – ол мәдениет. Спорт – ол қозғалыс. Спорт – ол күрес. Бұл үйреншікті әрекет әр адамның өмірінде орын алып жатыр. Қарапайым жүгіру мен жүру немесе баспалдақтан жоғары-төмен түсу... Спорттың адамға берер пайдасы шаш етектен екені бәрімізге мәлім. Үнемі бір формада болу, сұлу бітімде қалыптасу, денсаулықты жақсарту және творчестволық- интеллектуалдық қабілетті өсіруге көмек береді. Алға қойған мақсатқа жетуді және қалай жеңу жолдарын үйретеді. Көңілімізге күш сыйлайды. Оған дәлел ретінде алысқа бармай-ақ, жақында университетімізде өткізілген спартакиадада өз бақтарын сынап, жүлделерге ие болған Қ.А. Жұбаназарова жетекшілік ететін 108-топтың студенттерін алуға болады:


Үсенбек Сүндет Ержанұлы және Айтбанов Нұрсұлтан Досмаханбетұлы – баскетболдан 2-орын, волейболдан 3-орын;

Итібаев Мирасбек Болатұлы – волейболдан 1-орын;

Ұзынтілеуова Ақерке Дәуренбековна – баскетболдан 1-орын.

Сіздер де түрлі спорт үйірмелеріне қатысып өздеріңізге ұнайтын спорт түрімен айналысып, биік белестерді бағындыра аласыздар.

Ойымды қорыта келе сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Спортпен айналысыңыздар!

Жалпы медицина факультетінің

108-Б тобының студенті

Боданова СЫМБАТТЫМ