"Жалын" пікірсайыс клубының жетістіктері

http://turizm-hit.ru/

2015-2016 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының Жастар орталығы жастардың дұрыс азаматтық көзқарасын қалыптастыруы мен ойлау ұшқырлығын арттыратын кезекті республикалық пікірсайыс турнирін Өскемен қаласында өткізді.

 Аталмыш шараға, университеттен "Жалын" пікірсайыс клубы қазақ тобының мүшелері, «Жалпы медицина» факультетінің 216 б тобынан Айбазар Нұрталап, 216 а тобынан Смаилова Гүлтұрсын, 411 а тобынан Аманжолқызы Маржан және Ғалымжанқызы Айдана қатысып, әр облыстың ең мықты деген алдыңғы қатарлы пікірсайысшылары арасынан жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырысы бойынша, Қазақстан жастары конгресі ұйымдастыруымен Астана қаласында "Конституция: бірлік тұрақтылық,өркендеу" атты Қазақстан Конституциясы 20 жылдығына арналған парламенттік пікірсайыс турнирі болып өтті. Турнирде еліміздің 14 аймағы мен 2 қаласының үздік пікірсайысшылары бақтарын сынады.

Университеттің "Жалын" пікірсайыс клубы қазақ тобының белсенді мүшелері, «Жалпы медицина» факультетінің 215а тобының студенттері Мусагалиев Серік және Өтесін Махмутсұлтанғали қатысып, Алғыс хатпен оралды.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Мәңгілік ел: Тәуелсіз елдің тұғыры биік жалындаған жастары!" тақырыбында барлық облыстардың жоғары оқу орындарының қатысуымен республикалық "TarMPI CUP -2015" зияткерлік чемпионаты болып өтті.

Сайысқа университеттен «Жалпы медицина» факультетінің 208 б тобынан Асылбеков Ербол, 102 а тобынан Көбетаева Ақнұр, Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 102 тобынан Қуандық Нұрсұлтан қатысып, Алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Ербол Жасұланұлына зияткерлік чемпионатына қолдау білдіріп, қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Орал қаласында ««Ақиқат» пікірталас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы!» атты дәстүрлі ІІ Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге Жалпы медицина факультетінің 118 б тобынан Шарапов Руслан, 216 а тобынан Смаилова Гүлтұрсын қатысып, жүлделі І орынға ие болды.

"Нұр Отан" партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХІІІ Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық іріктеу сайысына университеттің "Жалын" пікірсайыс клубы орыс тобының белсенді мүшелері «Жалпы медицина» факультетінің 218а топ студенті Альжанова Аида және 218 б топ студенті Куджанов Сағындық қатысып, "МЕД" тобы І-ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қолдауымен өтетін "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті күнінің тарихи маңызын ашуға негізделген "Жаңа буын – 2015" атты Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен пікірсайысшылар бас қосып, ең үздіктері анықталды.

Пікірсайыс турниріне университеттен «Жалпы медицина» факультетінің 215 а тобының студенттері - Мусагалиев Серік, Өтесін Махмұтсұлтанғали, 215 б тобы - Байтеков Қуаныш, 216 а тобы - Смаилова Гүлтұрсын, 216 б тобы - Айбазар Нұрталап, 507 б тобы - Кәден Ұлмекен және стоматология факультетінің 203 тобы - Ұзақбай Бақытгүл қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Ақтөбе политехникалық колледжінің директоры кубогіне арналған "Сыбайлас жемқорлық – қоғам қаупі" атты облыстық пікірсайыс турниріне университеттен "Жалын" пікірсайыс клубының қазақ және орыс тобының белсенді мүшелері қатысты. Қазақ тобынан "Сәке мен Мәке" командасының пікірсайысшылары Мусагалиев Серік және Өтесін Махмұтсұлтанғали және орыс тобының "МЕД" командасының пікірсайысшылары Альжанова Аида және Куджанов Сағындық қатысып, І орынды иеленді.

"Жалын" пікірсайыс клубының белсенді мүшелерін жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жеңістерге жете берулеріне тілектестік білдіреміз!

Г.Искакова

ӘТЖО әдіскері