БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

http://turizm-hit.ru/

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 29 қарашада бекітілген №1113 Жарлығымен «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтау Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру және 2013 жылы  аурулардың алдын алу профилактикасы іс-шараларын өткізу туралы» 2013 жылғы 12 ақпандағы №73 бұйрығына сәйкес, республикада 1 маусым күні - Халықаралық балаларды қорғау күніне  арналған іс- шаралар өткізілді.

 

Отбасылық Медицина Клиникасында да 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бірнеше  шара өткізілді.

Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл, гумманды және әділетті қоғам құру үшін қажетті жағдай ретінде ересектерге балалардың өмір сүру, пікір және діни еркіндік, білім алу, демалысы мен ермегі, күш көрсету мен психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғану, балалар еңбегін пайдаланудан қорғау, құқығын сақтау керектігі туралы ескерту. Балаларды қорғау күні түрлі іс-шаралардың өткізілуімен аталып өтілді. Ондағы мақсат қоғам назарын балалар мәселелеріне, оларды түрлі қауіп-қатерден қорғауға аудару.


Халықаралық балаларды қорғау  күні – 1 маусымда барлық елдерде аталып өтіледі. Бұл балалар үшін ең көңілді мейрам болумен қатар, балаларды жақсы көру, оларды қауіптен сақтау, балаларды өз  қуанышына балау, өзінің ұрпағы ретінде тану сияқты жалғыз мүмкіндікті жаңғырта отырып, ересектерге де балалардың  үнемі қамқорлық пен қорғауды қажет ететіні туралы және ересектердің олар үшін жауапты екені туралы ескертеді.

Отбасылық Медицина Клиникасының басшысы Итегулов Жанболат Ағанасұлы мен клиниканың кәсіподоқ төрайымы Урмантаева Айсұлу Антонқызының ұйымдастыруымен балаларға асфальтқа сурет салу конкурсы өткізіліп нешетүрлі ойындар ұйымдастырылды. Бұл шараға клиника қызметкерлері менбалалары да қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша балалардың үздік суреттеріне сыйлықтар таратылды. Ешбір бала елеусіз қалған емес, бәріне де сыйлықтар таратылып балалар үйлеріне қуанышпен тарқасты. 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне арналып өткізілген  шаралар өте  қызықты да тартымды өтті.

Сол күні клиника басшыларының қатысуымен бірге сенбілік өткізілді. Клиниканың сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Өсіп тұрған ағаштардың түбі қопсытылып, 150 түп гүлдер отырғызылып суарылды.

 

Г.М. Казмуханова