«АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгін, яғни 25 қарашада университетімізде Қазақстан Республикасының аллергологтары мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ МКК «Ақтөбе медициналық орталығы» бірігіп...


Толығырақ...

Дорогие коллеги! Студенты!

Вот и подходит к концу 2020 год, год немалых испытаний и трудностей во всем мире связанных с пандемией.


Толығырақ...

Келіп жеткен 2021 Жаңа жыл құтты болсын!

 Ескі жылға жаманды теріп тастап, Қадамдар болсын алға сеніп басқан. Сізді біз шын жүректен құттықтаймыз Дүйсенұлы Оразов Серік бастап.


Толығырақ...
123

Қазақ тілім

Жазамын тілім үшін Жас қаламға,

Бұл бақыттан өзге мен бақ табам ба?

Айтулы мерекеңде келіп жетті,

Сыр шертсін ақын жүрек жастарға да.

 

Байлығым, барым, тілім мақтанышым,

Өзіңсіз ақ таңымда атпайды шын.

Қасиет, құдіретіңе бас иемін,

Жүректен ақ тілегім ақтарылсын.

 

Сұм жылдар өтті біздің басымыздан,

Батырлары бәрінде басып озған.

Қиындықтың қамалын артқа тастап,

Қайран тілім келесің көшті бастап.

 

Жастарға жететіндей беріп үлгі,

Тілі үшін еңбек еткен елдің ұлы.

Бұл күнді Ахметке арнауда елім,

Қазақтың дара туған шоқ жұлдызы.

 

Тұғыры биік болсын қазақ тілдің,

Тұңғиық, өткір жүзді таза тілім.

«Алтын күннен бағалы бір белгі боп»,

Азат күннен сен қалдың ғажап тілім.

 

  Авторы:Баймұханбетова Гүлзабида Әбутәліпқызы

 Әке

Өзіңсіз өтті қанша күн,

Қаншама мұңлы айларым.

Жанарым талмай қашанда,

Бәлкім келер деп ойладым.

 

Жүректі өртеп бір сезім,

Тұрады әркез әке деп.

Орныңыз әсте білінед(і),

Қорғаушым болшы әке кеп.

 

Серпіліп кейде аламын,

Көнбеске бар ма амалым?

Алланың берген сынағы,

Деп әркез бұған қарадым.

 

Өтіпті сырғып бір жылым,

Өзіңсіз атқан әр күнім.

Көкейде тұр ғой көп сауал,

Шешімін таппай сол сырдың.

 

Жалындап жүрген жан едің,

Жүрегің кең ет қашанда.

Ақкөңіл, аңғал әкешім,

Кеттің-ау келмес сапарға.

 

Біз сізді жүрміз сағынып,

Келмейсіз, білем, әрине.

Білініп әркез тұрады,

Орныңыз мына фәниде.