«АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгін, яғни 25 қарашада университетімізде Қазақстан Республикасының аллергологтары мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ МКК «Ақтөбе медициналық орталығы» бірігіп...


Толығырақ...

Дорогие коллеги! Студенты!

Вот и подходит к концу 2020 год, год немалых испытаний и трудностей во всем мире связанных с пандемией.


Толығырақ...

Келіп жеткен 2021 Жаңа жыл құтты болсын!

 Ескі жылға жаманды теріп тастап, Қадамдар болсын алға сеніп басқан. Сізді біз шын жүректен құттықтаймыз Дүйсенұлы Оразов Серік бастап.


Толығырақ...
123

Менің өлкемнің танымал дәрігері

Менің үлкен мемлекетім – Қазақстан, ал кіші өлкем Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы.

Өз Отанын, өз халқын, туған жерін сүймейтін азамат елінің қорғаны, патриоты бола алмайды. Менің ойымша, егер әр адам ата-анасын құрмет етсе, өзінің өскен жерін, туыстарын сыйласа, туған ұлтын қадірлесе, сол адам нағыз Отанымыздың патриоты болады. Сонымен, Отансүйгіштік әрбір азаматқа керек ұлы қасиет, отанымызға көп пайда келтіре отырып, Отанды сүйетінімізді іспен дәлелдеп, еңбек ету керек. Осындай рухани бай адамдар мекендеген киелі Есбол мекенінде қаншама түрлі маман иелері туып өсті десеңізші... Мен білім алған Жамбыл атындағы орта мектебі 1937 жылы пайдалануға берілген. Біздің мектептің түлектері әр саланың мамандары. Олардың ішінде ғалымдар, мұнайшы-инженерлер, ауыл шаруашылығының мамандары, дәрігерлер, ұстаздар бар.

Осы ретте онколог, дәрігер, профессор, жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленген Әбисатов Қайыржан ағаның өнегелі істері төңірегінде сөз қозғағанды жөн көрдім. Қайыржан ағаның өмір, еңбек жолдарын зерделер болсақ, ол кісі 1937 жылы 21 ақпанда қарапайым колхозшылар отбасында дүниеге келген.1960 жылы Алматы медицина институтын бітірген.

 Халқымызда: "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген аталы сөз бар. Қайыржан ағаның өз ісінің білгірі болып қалыптасуына ұстаздарының қосқан үлесі өте зор. Қазiргi уақытта адамдарға қатты қорқыныш тудыратын дерт – қатерлi iсiк ауруы. Соңғы кезде дүние жүзiнде бұл кеселге шалдығып, көз жұмғандардың саны жылдан-жылға көбейiп келе жатыр. Осы ретте Қайыржан ағаның халықтың денсаулық саласына сіңірген енбегі де еленді. Ол 1984 жылы ғалым, онколог-хирург, медицина ғылымының докторы, 1989 жылы профессор атағын иеленсе, 1989 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері. 1964-1985 жылдары Республиканың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында әртүрлі басшылық қызмет атқарған. 145 ғылыми еңбектің, екі томдық «Онкология» оқулығының, монография мен оқу-әдістемелік дәрістердің, қазақша-орысша медициналық сөздіктің авторы. Қайыржан ағаның ғылыми-зерттеу жұмыстары өңеш қатерлі ісігінің пайда болу себептерін анықтау, ісік алды науқастарын емдеу, өкпе, асқазан, ішек рагына қарсы қолданылатын ем тәсілдерді жетілдіру, емнің жаңа жолдарын іздестіруге арналған. Қазақ тілінде осы саланың терминдік жүйесін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Республика медицина академиясының мүшесі, 1987 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Басқармасы жанындағы Орталық аурухананың кеңесшісі. Талантты ғалым, елiмiздiң көрнектi онкологтарының бiрi Қайыржан ағаның қаламынан туған кiтаптар мен оқулықтарға көз салсақ, ол өз мойнына ауыр жүк арқалап, тыңға түрен салғанын байқаймыз. Еуропа, Ресей, Қазақстан ғалымдарының үлгi-өнегесiне сүйене отырып, қазақ тiлiнде төл терминдiк қор жасап, жаңа сапалы оқулықтарды дүниеге әкелдi. Сан-салалы, жан-жақты, мол қабiлет иесi, профессор Қайыржан Әбисатовтың “Махамбет ғұмырнамасының беймәлiм беттерi” атты ғылыми-зерттеу еңбегiн сөз етпей кетпеуге болмайды. Махамбет Өтемісұлының сүйегін қайта жерлеуге қатысқан, ақын өмірінің бұрын белгісіз кезеңдері жайында кітап жазған. Республикада онкология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен «Санофи-Авентис» тобының Гран - при жүлдесімен марапатталды. Ол – Атырау облысының Құрметті азаматы. Талай жанның өміріне араша болған білікті дәрігер бүгінде сексен жастың сеңгіріне шықты. Өз мамандығының қыр-сырын жетiк меңгерген, терең бiлiмдi, алғыр ойлы, еңбекқор, денсаулық саласында жарты ғасырға таяу еңбек еткен профессор Қайыржан Әбисатовтың “Клиникалық онкология” атты қос томдық энциклопедиялық еңбегi ұзақ жылдар бойы онколог - мамандардың, студенттердiң жетекшi оқулығына айналары сөзсiз. Мен осындай туған өлкемнің атақты адамын мақтан етемін. Әбисатов Қайыржан өз еңбегімен үлкен дәрежеге жеткен тұлға.

Мен – жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңімін. Сондықтан, жас тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаушы, «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан»,- деп Абай атамыз айтқандай, кірпіші болып қаланып, ата-баба ерлігі мен рухынан нәр алып, дәстүріне берік болып, туған өлкемнің одан әрі өркендеп-өсуіне бар күш-жігерімді аямаймын.

 Сәрсенғалиева Нұрбибі

121А, «Жалпы медицина»