«АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгін, яғни 25 қарашада университетімізде Қазақстан Республикасының аллергологтары мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы, ШЖҚ МКК «Ақтөбе медициналық орталығы» бірігіп...


Толығырақ...

Дорогие коллеги! Студенты!

Вот и подходит к концу 2020 год, год немалых испытаний и трудностей во всем мире связанных с пандемией.


Толығырақ...

Келіп жеткен 2021 Жаңа жыл құтты болсын!

 Ескі жылға жаманды теріп тастап, Қадамдар болсын алға сеніп басқан. Сізді біз шын жүректен құттықтаймыз Дүйсенұлы Оразов Серік бастап.


Толығырақ...
123

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар

Еліміздің тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарық көріп, оның негізінде арнаулы бағдарлама қабылданғанына үш жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында университетімізде жастардың санасын жаңғырту бағытында көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Жүзеге асқан шаралар жөнінде білмекке Жастар ісі жөніндегі бөлімнің маманы Жәленова Ақжүніс Мейірханқызымен жүздестік.

- Ақжүніс Мейірханқызы, жалпы атқарып жатқан жұмыстарыңыз  туралы айтып берсеңіз...

- Барлық профессорлық-оқытушылық құрам және кураторлардың жетекшілігімен атқарылған іс-шаралар мен жүргізілген жұмыстар туралы есептер жастар ісі жөніндегі бөлімімен жинақталып, саралана отыра, Ақтөбе облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың өңірлік Жобалық кеңсесіне, сондай-ақ барлық тиісті органдарға уақтылы ұсынылады.

Халықаралық медицина факультетінің «Foundation» курс тындаушылары 2020 жылғы 13 қаңтарда университет мұражайына келді. Мұражай мұрасымен алғашқы танысу аса көрнекті тұлға Марат Оспановтың тарихынан басталды. Олар университеттің кашан құрылғаны және оның кұрылуына кімнің үлес қосқаны туралы ақпарат алды. Түпнұсқа құжаттары мен экспонаттарды көріп, университетте медициналық білімнің даму тарихын аса қызығушылықпен тыңдады. Сондай-ақ, танымал студенттер мен түлектер туралы мағлұмат алды. БҚМУ түлектері мен профессорлары сыйға берген сирек кездесетін экспонаттарды үлкен қызығушылықпен тамашалады.

09 ақпанда Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Біз өмірді таңдаймыз!» атты тәрбиелік шара ұйымдастырылып өткізілді.  Кафедра оқытушылары мен кураторлары аталған шараны студенттерде суицидалды мінез-құлықтың алдын алу және емтихан сессиясы кезіндегі стреске төтеп бере алушылық қасиеттерін жоғарылату мақсатында жоспарлап, өткізді. Тәрбиелік шара адам үшін ең жоғары, бағасы жетпес құндылықтарының бірі – Өмірді қадірлеуге және бағалауға деген қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпан айында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің мұражайы қазіргі таңда мәдени мұраның еш кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ететін, сирек кезігетін оқулықтардың жинағы ретінде кітапхана не болмаса мұрағаты деп танылады. «Тарихта із қалдыр» атты науқанының көмегімен біздің қор өмірден озған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру саласының үздігі, ҚР журналисттер одағының мүшесі Төлепбергени Төлеубай Төлепбергенұлының жеке кітапханасынан /13 энциклопедия/ атты қайталанбас, бірегей жинағымен толықтырылды. Аталған кітаптарды профессордың қызы, университетіміздің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Төлепбергени Жанар Төлеубайқызы сыйға тартты. Мұндай науқандар оқулықтарды сақтап және мұражайға келуші студенттер мен өзге де қатысушылардың пайдалануға деген мүмкіндіктерін туғызады.

13 ақпанда Кәсіби аурулар мен гигиеналық пәндер кафедрасының доценті Зиналиева Айнур Нурлыбаевнаның және «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 404, 405, 406-топ студенттерінің ұйымдастыруымен ''Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру'' мақаласы аясында Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабиді және оның шығармаларын студенттер арасында насихаттау.

17 ақпанда Ақтөбе тарихи-өлкетану музейінде "Шолпы" клубының шақыртуымен университетіміздің жастар ісі жөніндегі бөлім мен «Сыр мен сымбат» клубы "Ата салтымыз – абыройымыз" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты мəдениеттің көзі ата-бабаларымыз ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, бойларына дарыта білген салт-дəстүр, əдет-ғұрпымызды насихаттау. Дөңгелек үстелге клубтың кеңес мүшелері, ҚХА жанындағы толеранттық мəселелермен айналысатын аналар кеңесінің мүшелері, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жастар ісі жөніндегі бөлім маманы және топ кураторлары, студенттері қатысты. "Қазіргі қазақ қыздары ұлттық үлгіден алыстап барады дегенге келісесіздер ме?" "Қазіргі қыздардың бойында ұлттық сыпайылық бар ма?" "Шолпы" клубы ұйымдастырған дөңгелек үстелдің басты сұрағы осы болды.

18 ақпанда ҚР Парламент Мәжілісінің тұңғыш Төрағасы Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 70 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің қабырғасында конференция өткізіліп, онда «Отанға қызмет ету...» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өткізілді. Аталмыш шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматуллин, Парламент депутаттары және еліміздің өзге де қоғам қайраткерлері қатынасты. Бұл мерейлі шараға Марат Оспанов атындағы БҚМУ атынан университет Ректоры, медицина ғылымдарының докторы Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов және философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанұлы Тайжанов шақыртылды. Профессор А.Т.Тайжанов «Марат Оспанов және қазіргі заман» тақырыбында Марат Тұрдыбекұлының саяси, қоғамдық қызметі мен еліміздің саяси жүйесінің дамуына қосқан үлесі туралы баяндамасын оқыды. 

- Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының батырларын ұлықтау жөнінде айтарыңыз бар ма?

- 2020 жылғы 19 ақпанда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің мұражайы және Химия кафедрасының бірлесе ұйымдастыруымен университетіміздің мұражайында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Қазақ КСР дәрігерлерінің Ұлы Отан соғысындағы рөлі» тақырыбындағы іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің, ғалымдар мен денсаулық сақтау саласының танымал тұлғаларының Екінші дүниежүзілік соғысында қосқан үлесі мен еңбегін бүгінгі ұрпаққа кеңінен таныстыру. Осы орайда оқу ордамызда бірнеше жыл еңбек еткен ҰОС ардагерлері де таныстырылды. Соның ішінде ҰОС штрафбаттағы айып батальонында ерен ерлік көрсеткен Халида Есенқұлқызы Маманованы айрықша атап өтуге болады. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» «Рухани қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде өткізілген шараның мақсаты майдан даласында жаралы жауынгерлерге жан аянбай еңбек еткен дәрігерлердің еңбегін болашақ ұрпаққа таныту болатын.

- «Рухани жаңғырудың» басты мақсаты ұлттық патриотизмді дамытып, тарихты ұлықтау болса, осы мақсатта студенттермен қандай жұмыстар атқарылды? 

- Бұл мақсатта ағымдағы жылдың 21 ақпанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде патриоттық тәрбие беру үшін Тілдер кафедрасының оқытушысы А.А.Купенованың ұйымдастыруымен университетішілік «Жыл патриоты» интеллектуалды-шығармашылық сайысы өтті. Интеллектуалды-шығармашылық сайыстың мақсаты – жастарды ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, ұлттық салт-дəстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, əдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойында мəңгілікке қалыптасқан жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу, университеттің ең белсенді, патриот студентін анықтап, мадақтап, басқа да жас буындарға үлгі болатындай Жыл патриотын таңдау.

Байқауда студенттер өздерін патриоттық тұрғыда таныстырып, еліміздің тәуелсіздігі, биыл 25 жыл толып жатқан ҚР-ның Конституциясы және Рухани жаңғыру бағдарламасы туралы сан қилы сұрақтарға жауап берді, өнер сайысында патриоттық әндер орындап, қазақтың қара домбырасымен күй шертіп, ұлттық билер биледі, туған жер туралы өлеңдер оқыды. Сайысқа қатысқан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлардың ішінен 2 студент, Жалпы медицина факультетінің 112 топ студенті Ізтлеуова Аружан мен Фармация факультетінің 101 топ студенті Азаматқызы Үміт «Жыл патриоты» атағына ие болып, жеңіс кубогын жеңіп алды, университет ректоры атынан дипломмен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды. 

Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 21 ақпанында Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасына сәйкес шығарылған арнайы жобалардың ең маңыздысы – "Жаңа гуманитарлық бағыт. 100 жаңа оқулық" аясында студенттер арасында "Жасампаз адамдардың жеті дағдысы" атты тренинг өткіздім. Оның негізгі мақсаты студенттердің өз мақсаттары мен басымдықтарын жүйелі түрде түсінуі, көшбасшылық әлеуетті қалай дамыту керектігін анықтау болып табылады. Тренингті "Рухани жаңғыру" бағдарламасын басқару орталығының тәрбие және білім беру жобалары бөлімінің басшысы Маханова Айман Ғалымқызы жүргізді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өмірде түрлі қиындықтарды жеңу, кедергілерді жеңу, алға ұмтылу, өмірге жаңа көзқарас, білім мен жаңалықтарға жол таба білді, сондай-ақ түрлі қиын жағдайлардан шығу жолдары айтылды. Қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді. «Ақтөбе ТВ» телеарнасының кешкі жаңалықтарынан көрсетілді. http://aktobetv.kz/ru/news/society/trening-dlya-studentov

https://aktobetv.kz/kz/news/society/studenttermen-kezdesu-4

25 ақпанда Ақтөбе медицина орталығының балалар ауруханасына орналасқан балалар хирургиясы кафедрасының және 767-768 интерн-педиатрларының ұйымдастырумен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты әдеби-танымдық шара өткізілді. Кеште Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында деректермен дайындалған презентация қорғалды. Презентациядан соң кері байланыс ретінде викториналық ойындар ойнатылды. Абай шығармашылығынан алынған көркем сөздер 7 тілде қазақ, орыс, ағылшын, түрік, өзбек, француз, испан тілдерінде мәнерлеп оқылды.

26 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, куратор Г.С.Жұмалиеваның ұйымдастыруымен стоматология мамандығының 1-курс 101, 102 топ студенттерімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша жоспарланған халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған облысымыздағы ғылыми зерттеу, мәдени-ағарту, насихаттау жөніндегі ірі мәдени ошақтың бірі Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жүзеге асырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – біздің жастардың тарихи сана-сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, азаматтықа, отансүйгішітікке тәрбиелеу секілді ортақ міндеттерді біріктіреді.

3 наурызда Марат Оспанов атындағы БҚМУ-да Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы – рухымыздың алтын діңгегі» атты апталық өтті. Іс-шараны атақты ақынның әдеби мұраларын сақтау және насихаттау, жастардың бойына отансүйгіштік, өз халқының тарихына деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, дарынды жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту барысында қолдау көрсету, әдеби талғампаздыққа тәрбиелеу және студенттерді отандық мәдениет пен өнердің үздік туындыларымен таныстыру мақсатында тілдер кафедрасы ұйымдастырды. Апталық барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде эссе жазу сайысы, қазақ, орыс және басқа да тілдерде Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл сайыс барысында ұлы ақын Абайға арналған үздік авторлық өлеңдер номинациясы да болды. Абай шығармалары бойынша сурет салу сайысына студенттер белсенді қатысып, ұысынылған қырықтан астам жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды. Шетелдік студенттердің қатысуымен таныстырылымдар өткізіліп, викториналар ұйымдастырылды.

27 ақпанда жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасының оқытушылары З.Ж.Алеуова, Д.С.Сақыпова және «Секрет Garden» клубының ұйымдастыруымен «Ұлы Абайдың 175 жылдығына» арналған кеш өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының түп мақсаты халыққа арналғанымен, соның ішінде жастарға деген үлесі басым. Егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жетті. Сондықтан болар аталған мақаланың негізгі көзі жастарға ескерту, олардың көзін ашу, алға жетелеу. Мақалада кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Осы орайда 2020 жылғы 11 наурызда университетіміздің 3-курс студенттері Әйгерім Меңдіхан мен Аян Ерсайынова жергілікті Қазақстан-Ақтөбе телеарнасындағы «ЖасStar» бағдарламасында сұхбат берді. http://aktobetv.kz/kz/archive/progra

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Жас Қалам" клубының жас ақындар мен көркемсөз оқушылары инстаграм әлеуметтік желісінде Абай оқулары эстафетасын ұйымдастырды.

22 сәуірде Елбасының " Рухани жаңғыру" мақаласының жарыққа шыққанына 3 жыл уақыт толуына орай студенттермен бірге филология ғылымдарының кандидаты, доцент, С.Бәйішев университенінің жанынан құрылған Рухани жаңғыру орталығының директоры Миров Мұхтар Орынбасарұлымен онлайн сұхбат өткіздік. Сұхбат барысында студенттер белсенділік танытып, жалпы мақаланың берері, 100 жаңа оқулықтың қажеттілігі туралы, туған жеріне қамқорлық көрсетіп жүрген азаматтардың үлестері жайында, латын графикасына қатысты көкейлеріндегі көптеген сұрақтарға жауап алды.

25 мамырда тілдер кафедрасы қазақ тілі курсының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбындағы республикалық онлайн дөңгелек үстел өтті. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы ой қозғау, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында өткен бұл шараға республикамыздағы медициналық ЖОО-лардың оқытушылары мен тіл мамандары қатысып, пікір алысты.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Қалыпты Физиология студенттік ғылыми үйірмесінің белсенді студенттері қоғамда болып жатқан қазіргі өзгерістерді ескере отырып, жетекшілердің ұйымдастыруымен Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай арнаған арнау челленджін ұйымдастырды.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойына Қоғамдық гумантитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы «Ұлы дала руханияты: Әл-Фарабиден Абайға дейін» тақырыбында Республикалық ғылыми семинар өтті.

Әлеуметтік жұмыстары және жастар саясаты департаментінің жастар бөлімі және Академиялық жұмыстар департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен өткізіліп отырған  2017 жылдың 12 сәуірінде жарыққа шыққан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында университеттің профессор-оқытушы құрамы және қызметкерлерінен тест сұрақтары алынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында студенттер мен құқық қорғау қызметкері арасында кездесу ұйымдастырылды. 

Ақтөбе облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бастамасымен аталған бағдарламаның 3 жылдығына орай «Жаңғырған сана – жаңа серпін» кітап-жинағы жарыққа шықты. Кітап-жинаққа оқу орнымыздың ректоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы М.Қ.Телеуовтің және философия ғылымдарының докторы, қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры А.Т.Тайжановтың ой-толғамдары мен атқарылған жұмыстар туралы материалдар жарық көрген. 

Сұхбаттасқан: Салтанат Тоғызбаева