Аманбаев Заңғар Асқатұлының анасы

Құрметті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ұжымы!

Сіздерге, өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды білдіргім келеді!Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек.Сондықтан баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз — Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!

Сонымен қатар келе жатқан барша Қазақстандықтарды жаңа 2021 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

"Медик-Газет" редакциясына үлкен алғысымды білдіремін!!!

Құрметпен: Толыбаева Гүлім Тілектесқызы 301А тобы студенті

Аманбаев Заңғар Асқатұлының анасы