Досжанова Ботакөз Нұрланқызының анасы
- Толығырақ
- Жарияланды 29.12.2020 15:37
- Автор: Администратор
- Категория: Құттықтау
- Қаралды: 1130
Құрметті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университеті және "Медик газет редакция" ұжымы!
Сіздерді өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл күн — ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз — Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін! Келе жатқан жаңа 2021 жыл құтты, берекелі жыл болсын!
Ізгі тілекпен: Даулеталина Замзагүл Ғабдрахмановна 321А студенті Досжанова Ботакөздің анасы