Сметуллаев Қонысбек Мирамбекұлының ата-анасы

Құрметті Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінің әкімшілігі, сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Баршаларыңызды келе жатқан Жаңа 2021 жылымен ізгі ниетпен құттықтаймыз!

Құрметпен Оралбаев Мирамбек Сметуллаұлы мен Нұртаева Айнұр Амангелдиевна 222Б тобы студенті Сметуллаев Қонысбек Мирамбекұлының ата-анасы!